Шілманов Айбек Ақбергенұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

    Шілманов Айбек Ақбергенұлы
    Басшы

    Шілманов Айбек Ақбергенұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

    Өмірбаян

    Айбек Шілманов Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқарудан бастаған.

    Мемлекеттік қызмет істері саласындағы уәкілетті орган жүйесінде 2008 жылдан бері қызмет етуде.

    2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының консультанты, бөлім меңгерушісі болған.

    2015 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратында Мемлекеттік қызмет және жемқорлықтың алдын алу департаментінің Тәртіптік-әкімшілік және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болған.

    2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары болған.

    2019-2020 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

    2020-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымында қызмет атқарған.

    2022 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Персоналды басқару департаменті директоры лауазымына тағайындалды.

    2023 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті директоры лауазымын атқарды.

    2024 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері