Әлмұхамедова Жаңылдық Алтайқызы

    Бөлім басшысы

    Әлмұхамедова Жаңылдық Алтайқызы
    Руководитель отдела

    Әлмұхамедова Жаңылдық Алтайқызы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Әлмұхамедова Жаңылдық Алтайқызы 1964 жылғы 31 қазанда Қостанай облысының Жітіқара қаласында туған.

    Білімі жоғары, 2005 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы бойынша тәмамдаған.

    1982 жылғы тамыздан 1986 жылғы қаңтарға дейін - Жетіқара аудандық мәдениет бөлімінің Станционный ауылдық клубының меңгерушісі.

    1986 жылғы қаңтардан 1988 жылғы қыркүйекке дейін - Жетіқара мәдениет бөлімінің инспекторы.

    1988 жылғы қыркүйектен 1992 жылғы сәуірге дейін – Жетіқара қ. мәдениет комитетінің инспекторы.

    1992 жылғы сәуірден 1997 жылғы тамызға дейін - Жетіқара қалалық мәдениет бөлімінің инспекторы.

    1997 жылғы тамыздан 2000 жылғы маусымға дейін - Жітіқара аудандық мәдениет бөлімінің маманы.

    2000 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсанға дейін - «Жітіқара аудандық мәдениет бөлімі» ММ жетекші маманы.

    2004 жылғы желтоқсаннан 2008 жылғы ақпанға дейін – «Жітіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жетекші маманы, бас маманы.

    2008 жылғы ақпаннан 2010 жылғы тамызға дейін Жітіқара ауданы әкімдігінің «Аудандық мәдениет сарайы» МКҚК директоры.

    2010 жылғы 19 тамыздан бастап Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы болып тағайындалды.

    2012 жылғы наурыздан 2013 жылғы мамырға дейін - «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы.2013 жылғы 2 мамырдан бастап «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері