
Өмірбаян
Бижанов Бауыржан Сәлімжанұлы Костанайской области 1967 жылы 20 маусымда Қостанай облысы Жітіқара ауданының Жалтыркөл ауылында туған.
Білімі жоғары, 1998 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1985 жылғы шілдеден қазанға дейін ДАГОК кен басқармасының механикаландырылған аршу жұмыстары тау-кен цехының электрослесары.
1985 жылғы қарашадан 1987 жылғы қарашаға дейін Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеді.
1988 жылғы қаңтардан 1993 жылғы ақпанға дейін «Асбест» подхозының электромонтері.
1993 жылғы ақпаннан желтоқсанға дейін «Асбест» подхозының ауыл шаруашылығы машиналарының механигі.
1993 жылғы желтоқсаннан 1997 жылғы қыркүйекке дейін «Асбест» подхозының бас инженері.
1998 жылғы қаңтардан 1999 жылғы мамырға дейін «Шевченковский» ӨК, «Тұрсын» ЖШС бас энергетигі.
1999 жылғы мамырдан 2000 жылғы ақпанға дейін «Бижанов С.У.» ШҚ бас энергетигі.
2000 жылғы ақпаннан 2001 жылғы маусымға дейін «Агрофирма Тұрсын» ЖШС бас энергетигі.
2001 жылғы желтоқсаннан 2004 жылғы тамызға дейін «Костанайские минералы» АҚ тау-кен-көлік кәсіпорнының мастері.
2004 жылғы тамыздан 2004 жылғы желтоқсанға дейін «Жітіқара аудандық инфрақұрылым және құрылыс бөлімі» ММ ТЖ және АҚ мәселелері жөніндегі бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.
2005 жылғы қаңтардан 2007 жылғы ақпанға дейін «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ ТЖ және АҚ мәселелері жөніндегі бас мамаы.
2007 жылғы ақпаннан 2009 жылғы тамызға дейін «Жітіқара – Тазалық» МКК директоры.
2010 жылғы мамырдан тамызға дейін «Муктиколь» бөлімшесінің, «Талап-Астық» ЖШС басқарушысы.
2010 жылғы тамыздан 2012 жылғы наурызға дейін «Коныспай-Агро» ЖШС атқарушы директоры.
2012 жылғы наурыз-қазан аралығында «Соцсервис» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
2012 жылғы қазаннан 2014 жылғы қаңтарға дейін «Жітіқара ОАА» КМК бас дәрігерінің әкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары.
2014 жылғы қаңтардан 2016 жылғы наурызға дейін «Маяк» ЖИК төрағасы.
2016 жылғы наурыздан 2017 жылғы тамызға дейін «Жітіқарасервисорталығы» ЖШС директоры.
2017 жылғы тамыздан 2019 жылғы желтоқсанға дейін Жітіқара ауданы Шевченковка ауылы әкімінің міндетін атқарушы, әкімі.
2020 жылғы қаңтардан 2021 жылғы шілдеге дейін «Жастар» ПИТК төрағасы.
2021 жылғы шілдеден 2025 жылғы маусымға дейін Жітіқара ауданы Чайковский ауылының әкімі.
2025 жылғы тамыздан 2026 жылғы ақпанға дейін Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің орынбасары.
2026 жылғы 5 ақпанда Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.





