Айтмухамбетов Нурлан Кенжебекұлы

    Бөлім басшысы

    Айтмухамбетов Нурлан Кенжебекұлы
    Руководитель

    Айтмухамбетов Нурлан Кенжебекұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Айтмұхамбетов Нұрлан Кенжебекұлы 1992 жылы 22 қыркүйекте Қостанай облысы Жітіқара ауданының Милютин ауылында туған.

    Білімі жоғары, 2014 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2014 жылғы тамыздан 2015 жылғы қарашаға дейін «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ құқық мәселелері жөніндегі әдіскері.

    Мемлекеттік қызметте 2015 жылдан бастап:

    2015 жылғы қарашадан 2016 жылғы қаңтарға дейін – «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманының міндетін атқарушы.

    2016 жылғы қаңтардан 2019 жылғы қаңтарға дейін «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы.

    2019 жылғы ақпаннан қазанға дейін «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы.

    2019 жылғы қазаннан 2025 жылғы мамырға дейін «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы.

    2025 жылғы 30 мамырда Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері