
Өмірбаян
1984 жылы 18 желтоқсанда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2007 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылғы желтоқсаннан бастап 2008 жылғы тамызға дейін – «Ариана Экспорт және
Импорт-Қостанай» ЖШС менеджері.
2008 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың сәуіріне дейін – «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтері.
2009 жылдың сәуір айынан бастап мемлекеттік қызметте – «Жітіқара ауданы Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» ММ жетекші маман-бухгалтері болып жұмыс істеді.
2011 жылғы қазаннан 2016 жылғы ақпанға дейін – әлеуметтік көмек секторының бас маманы, содан кейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әкімшілік секторының бас маманы.
2016 жылғы ақпаннан 2018 жылғы шілдеге дейін – әдіскер-бухгалтер, «Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ бухгалтерлік есеп және есептілік секторының меңгерушісі.
2018 жылғы 3 шілдеде Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы - бас бухгалтері болып тағайындалды.





