Мендібаев Ерлан Әбдрахманұлы

    Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары

    Мендібаев Ерлан Әбдрахманұлы
    Первый заместитель акима

    Мендібаев Ерлан Әбдрахманұлы

    Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Меңдібаев Ерлан Әбдірахманұлы 1980 жылғы 7 қыркүйекте Қостанай облысы Жітіқара ауданының Забелов ауылында туған.

    Білімі жоғары, 2006 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 2005 жылы «КUАТ» корпорациясы» АҚ филиалында қаптаушы-плиташы болып бастады.

    2007 жылғы желтоқсаннан 2009 жылғы қаңтар аралығында Қостанай облысының «ҚР ӘМ ТҚ Ж ҚККК Қостанай облысының ХҚКО» ММ Жітіқара филиалында инспектор, одан кейін консультант болып жұмыс істеді.

    2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте:

    2012 жылғы қаңтардан желтоқсан аралығында «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ құқық бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, одан кейін бас маманы.

    2012 жылғы желтоқсаннан 2014 жылғы ақпан аралығында «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы.

    2014 жылғы ақпаннан 2017 жылғы қазан аралығында «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы.

    2017 жылғы қазаннан 2019 жылғы шілде аралығында Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы.

    2019 жылғы шілдеден 2020 жылғы ақпан аралығында «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

    2020 жылғы ақпаннан 2024 жылғы қаңтар аралығында Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы.

    2024 жылғы 15 қаңтарда Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

    Жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария, терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау, авариялар мен дүлей апаттарды жою, көлік инфрақұрылымы, құрылыс, автомобиль жолдары мен коммуникацияларды реконструкциялау және жөндеу, табиғат пайдалану (қоршаған ортаны қорғау, эмиссия), «жасыд экономиканы» дамыту мәселелеріне, тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының жұмысына жетекшілік етеді.

    Ауылдық аумақтарды дамыту, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасуды қамтамасыз етеді,
    ауыл шаруашылығы саласын дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді.

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың салалық бағдарламаларын, аудандық инфрақұрылым объектілерін ұстауды, тіршілікті қамтамасыз ету, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыруды қамтамасыз етеді.

    Жергілікті атқарушы органдардың отын-энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық сала, инженерлік коммуникациялар, коммуналдық салада тарифтік саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау және су шаруашылығы іс-шараларын іске асыру, тұрғын үй және әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылым объектілерін жылу беру маусымына дайындау мәселелері жөніндегі қызметін.

    өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Жітіқара қаласы, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жұмысын үйлестіреді.

    «Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне,

    «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне,

    «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі»
    мемлекеттік мекемесіне,

    «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі»
    мемлекеттік мекемесіне,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияға,

    Жітіқара ауданы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияға,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияға,

    Жітіқара ауданы әкімдігі жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесіне,

    Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясына,

    жер учаскелеріне құқық беру туралы өтініштерді қарау жөніндегі комиссияға,

    Жітіқара қаласының үйлерін авариялық және бұзуға жатады деп тану жөніндегі комиссияға жетекшілік етеді, терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штабтың материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобына басшылық етеді.

    Жітіқара ауданының прокуратурасымен,

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің Жітіқара қалалық бөлімшесімен,

    «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен,

    «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаменті Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен,

    «Жітіқара» кеден бекетімен,

    «Жітіқара» шекара комендатурасымен (Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2031 әскери бөлімі),

    «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жітіқара ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен,

    «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Жітіқара қаласының № 12 өрт сөндіру бөлімімен,

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
    Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесімен,

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
    Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесімен,

    «ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесімен,

    «ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен,

    «ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесімен,

    «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен,

    «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесімен,

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
    коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Жітіқара аудандық бөлімшесімен,

    «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Житикаракоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен,

    Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Жітіқара ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен,

    энергия, газ және сумен жабдықтау ұйымдарымен,

    құрылыс кәсіпорындарымен,

    ауданға көмір жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдармен,

    жол-құрылыс ұйымдарымен,

    көлік кәсіпорындарымен,

    пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерімен, мүлік иелерінің бірлестіктерімен, қарапайым серіктестіктермен, үй-жайлар иелерінің кооперативтерімен, кондоминиум объектілерін басқарудың барлық нысандарындағы ұйымдармен,

    гараж пайдалану кооперативтерімен,

    бау-бақша қоғамдарымен,

    барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар және ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдармен,

    «Қазақстан Республикасы көлік құралдары жүргізушілерінің одағы»
    аудандық филиалымен,

    аңшылар мен балықшылар қоғамымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері