Джетенов Мирас Абайұлы

    Руководитель

    Джетенов Мирас Абайұлы
    Руководитель отдела

    Джетенов Мирас Абайұлы

    Руководитель

    Өмірбаян

    Джетенов Мирас Абайұлы 1991 жылы 30 желтоқсанда Қостанай облысы Жітіқара қаласында туған.

    Білімі жоғары, 2013 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін саясаттану мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Ресей Федерациясының Оңтүстік Орал мемлекеттік университетін (Ұлттық зерттеу университеті) саясаттану (әлеуметтік ғылымдар магистрі) мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2013 жылғы тамыздан қыркүйекке дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ маман-әдіскері.

    2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы ақпанға дейін «Қашар кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманының міндетін атқарушы.

    2014 жылғы ақпаннан маусымға дейін «Қашар кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы.

    2014 жылғы қараша - «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ әдіскері.

    2014 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы ақпанға дейін «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманының міндетін атқарушы.

    2015 жылғы ақпаннан 2020 жылғы наурызға дейін «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы.

    2020 жылғы сәуірден 2021 жылғы желтоқсанға дейін «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы.

    2021 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы маусымға дейін «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ Рудный қаласы әкімінің кеңесшісі.

    2023 жылғы шілдеден 2025 жылғы сәуірге дейін «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу және сақтандыру, азаматтық қорғаныс және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы.

    2025 жылғы сәуірден 2025 жылғы қыркүйекке дейін «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бөлімінің бас маманы.

    2025 жылғы 2 қыркүйекте Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері