Қасенов Сәлім Нұрланұлы

    Жітіқара ауданы әкімінің кеңесшісі

    Қасенов Сәлім Нұрланұлы
    Советник

    Қасенов Сәлім Нұрланұлы

    Жітіқара ауданы әкімінің кеңесшісі

    Өмірбаян

    Қасенов Сәлім Нұрланұлы 1981 жылы 20 тамызда Қостанай облысы Науырзым ауданының Өлеңді ауылында туған.

    Білімі жоғары, 2003 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінэкономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолы:

    2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

    2004 жылғы наурыздан 2006 жылғы наурызға дейін «Науырзым ауданы Өлеңді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

    2006 жылғы наурыздан 2007 жылғы қаңтарға дейін «Науырзым ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы.

    2007 жылғы маусымда «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ Қостанай филиалының валюталық операцияларды бақылау бөлімінің жетекші маманы-экономисінің міндетін атқарды.

    2009 жылғы мамырдан 2011 жылғы ақпанға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.

    2011 жылғы ақпаннан қарашаға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің бастығы.

    2011 жылғы желтоқсаннан 2014 жылғы маусымға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ нақты сектор салаларын қаржыландыру бөлімінің бас маманы.

    2014 жылғы маусымнан 2017 жылғы қарашаға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ нақты сектор салаларын қаржыландыру бөлімінің басшысы.

    2017 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы желтоқсанға дейін Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары.

    2026 жылғы 10 ақпанда Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен Жітіқара ауданы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері