
Өмірбаян
Жұпанова Сәуле Амантайқызы 1978 жылғы 10 мамырда Қостанай облысының Жітіқара қаласында туған.
Білімі жоғары, 2006 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2000 жылғы маусымнан 2002 жылғы қаңтарға дейін - «ЖШЗ Валют – Транзит қоры» ЖАҚ өңірлік басқару маманы, «ЖШЗ Валют – Транзит қоры» ЖАҚ филиалы директорының орынбасары.
2003 жылғы қаңтардан 2005 жылғы шілдеге дейін – «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ қабылдау бөлмесінің хатшы - референты.
2005 жылғы шілдеден қазанға дейін - «Жітіқара ауданының Степной ауылы әкімінің аппараты» ММ маманы. 2005 жылғы қазаннан 2007 жылғы қазанға дейін «Жітіқара ауданының Степной ауылы әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы.
2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы қарашаға дейін - «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
2008 жылғы қарашадан 2009 жылғы сәуірге дейін - «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
2009 жылғы сәуірден 2009 жылғы қыркүйекке дейін – «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімінің бастығы.
2013 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін – «Жітіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы.
2013 жылғы 9 желтоқсаннан бастап Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.




