Дарбаева Айгүл Сейітқалиқызы

    Бөлім басшысы

    Дарбаева Айгүл Сейітқалиқызы
    Руководитель отдела

    Дарбаева Айгүл Сейітқалиқызы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Дарбаева Айгүл Сейітқалиқызы 1967 жылғы 30 шілдеде Қостанай облысы Таран ауданының Тобыл кентінде туған.

    Білімі жоғары, 1988 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын бухгалтерлік есеп және ауыл шаруашылығындағы шаруашылық қызметін талдау мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек қызметі:

    1988 жылғы тамыздан қарашаға дейін - «Комсомольский» совхозының № 3 бөлімшесінің бухгалтері.

    1988 жылғы қарашадан 1989 жылғы желтоқсанға дейін - «Комсомольский» совхозының экономисі.

    1990 жылғы қаңтардан 1995 жылғы наурызға дейін – Жетіқара ет комбинатының жоспарлау бөлімінің жоспарлау жөніндегі экономисі.

    1995 жылғы маусымнан 1996 жылғы тамызға дейін - қалалық білім бөлімінің бас бухгалтері.

    1996 жылғы тамыздан 1999 жылғы қаңтарға дейін - Жітіқара аудандық мәдениет бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының бухгалтер-экономисі.

    1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте:

    1999 жылғы қаңтардан 2006 жылғы наурызға дейін - «Жітіқара аудандық мәдениет бөлімі» ММ бас маманы.

    2006 жылғы наурыздан 2008 жылғы қаңтарға дейін - «Жітіқара ауданының қаржы бөлімі» ММ бастығының орынбасары – бюджетті талдау және атқару бөлімінің бастығы.

    2008 жылғы қаңтардан 2012 жылғы наурызға дейін - «Жітіқара ауданының қаржы бөлімі» ММ бастығының орынбасары – бюджетті талдау және атқару секторының меңгерушісі.

    2012 жылғы наурыздан 2020 жылғы ақпанға дейін - «Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ бастығының орынбасары – бюджетті талдау және атқару секторының меңгерушісі.

    2020 жылғы ақпаннан 2021 жылғы тамызға дейін - «Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары.

    2021 жылғы 9 тамызда Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері