Шиныбекова Әмина Егізекқызы

    Бөлім басшысы

    Шиныбекова Әмина Егізекқызы
    Руководитель отдела

    Шиныбекова Әмина Егізекқызы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Шиныбекова Әмина Егізекқызы 1977 жылғы 27 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Гавриловка ауылында туған.

    Білімі жоғары, 1998 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1998 жылы «Березка» ЖШС экономисі болып бастады.

    2001 жылғы қаңтардан 2002 жылғы қарашаға дейін «Курманов А.К.» ЖК бухгалтері болып қызмет етті.

    2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте:

    2006 жылғы шілдеден 2010 жылғы қарашаға дейін «Жітіқара ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы-бухгалтері.

    2010 жылғы қарашадан 2014 жылғы тамызға дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту секторының бас маманы.

    2014 жылғы тамыздан 2016 жылғы қыркүйекке дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әкімшілік секторының меңгерушісі - бас бухгалтері.

    2016 жылғы қазаннан 2019 жылғы шілдеге дейін «Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы.

    2019 жылғы тамыздан 2021 жылғы сәуірге дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ еңбек нарығын талдау секуторының меңгерушісі.

    2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қарашаға дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әкімшілік секторының меңгерушісі - бас бухгалтері.

    2022 жылғы қарашадан 2025 жылғы мамырға дейін «Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі.

    2025 жылғы 2 мамырдан бастап Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері