Көшербаев Нұржан Жүсіпұлы

    Бөлім басшысы

    Көшербаев Нұржан Жүсіпұлы
    Руководитель отдела

    Көшербаев Нұржан Жүсіпұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Көшербаев Нұржан Жүсіпұлы 1971 жылғы 27 тамызда Қостанай облысы Жітіқара ауданының Жалтыркөл ауылында туған.

    Білімі жоғары, 1992 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын агрономия мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолы:

    1993 жылғы ақпаннан 1993 жылғы мамырға дейін - «Комсомольский» совхозының № 1 бригадасының агрономы.

    1993 жылғы маусымнан 1994 жылғы маусымға дейін - Қарулы күштер қатарындағы қызмет.

    1994 жылғы тамыздан 1999 жылғы мамырға дейін - «Комсомольский» совхозының № 1 бригадасының агрономы, «Жалтырколь» ӨК, «Жалтырколь» ЖШС агроном-тұқым өсірушісі.

    1999 жылғы мамырдан 2001 жылғы маусымға дейін - «Баекенова С.С.» ШҚ, «Светлоозерное» ЖШС агроном-тұқым өсірушісі.

    2003 жылдан бастап мемлекеттік қызметте:

    2003 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қаңтарға дейін - «Жітіқара ауданының Жітіқара аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бас маманы.

    2005 жылғы қаңтардан маусымға дейін - «Жітіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы.

    2005 жылғы маусымнан 2006 жылғы қаңтарға дейін - «Жітіқара ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы.

    2006 жылғы қаңтардан 2007 жылғы шілдеге дейін - «Жітіқара ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы.

    2007 жылғы шілдеден 2009 жылғы сәуірге дейін - Жітіқара ауданы Шевченковка ауылының әкімі.

    2009 жылғы сәуірден 2011 жылғы қыркүйекке дейін - «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысы.

    2011 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы ақпанға дейін - «Жітіқара ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бастығы.

    2012 жылғы ақпаннан 2015 жылғы қаңтарға дейін - «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

    2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы ақпанға дейін - «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы.

    2016 жылғы 5 ақпанда Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері