
Оразов Нұрсейт Неруұлы
Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы — әділет полковнигі.
2003 жылғы қыркүйек айынан 2005 жылғы 22 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң колледжінде курсант ретінде білім алған.
2015 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін тәмамдаған.
2005–2009 жылдары Ақтау қалалық ішкі істер бөлімінің қылмыстық полиция басқармасының криминалдық іздестіру бөлімінде із-түссіз жоғалған азаматтарды іздестіру және белгісіз мәйіттердің жеке басын анықтау тобының жедел уәкілі қызметін атқарды.
2009–2025 жылдары Ақтау қалалық ішкі істер бөлімінің ОКП «А» бөлімшесінде жедел уәкіл, Маңғыстау ауданы ішкі істер бөлімінің ОКП бастығы, Ақтау қалалық ішкі істер бөлімінің патрульдік полиция батальонының 1-ротасының командирі, Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Ақтау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Бейнеу ауданы полиция бөлімінің бастығы, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, сондай-ақ Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарады.





