
Жунусов Азамат Жумалеевич
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
1988 жылғы 26 шілдеде Павлодар облысы Тереңкөл ауданында дүниеге келген.
2009 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Экономика» мамандығы бойынша үздік бітірген.
2011 жылдан 2013 жылға дейін Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында есеп жөніндегі маманның міндетін атқарушы қызметін атқарған.
2013 жылы Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы міндетін атқарушы, кейін бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған.
2013–2018 жылдар аралығында Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында туризмді дамыту бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы және бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған.
2018–2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінде Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы және Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған.
2019–2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінде Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, аталған басқарманың басшысы және Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
2025 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.





