Жолдасбекова Надира Қырықбайқызы

    Бөлім басшысы

    Жолдасбекова Надира Қырықбайқызы
    Бөлім басшысы

    Жолдасбекова Надира Қырықбайқызы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    1976 жылы 5 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары.

    2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тарих», 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы және 2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы экономикасының дамуы және әлеуметтік қорғау қорының хатшы іс-жүргізушісі болып бастаған.

    1996-1997 жылдары Жамбыл облыстық экономика басқармасының аға инспекторы;

    05.1997-11.1997 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының іс басқармасы жанындағы өндірістік-пайдалану басқармасының хатшы-іс жүргізушісі;

    1997-1998 жылдары облыс әкімі жанындағы Тәртіптік кеңесінің маманы;

    1998-1999 жылдары Жамбыл облыстық экономика басқармасының жетекші маманы;

    1999-2000 жылдары Жамбыл облыстық экономика басқармасының аға маманы;

    2000-2001 жылдары Жамбыл облысы әкімінің экономика басқармасының ақпараттық-талдау жұмысы және аймақтардың дамуын жинақтау бөлімінің жетекші маманы;

    2001-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімінің экономика басқармасының ақпараттық-талдау жұмысы және аймақтардың дамуын жинақтау бөлімінің бас маманы;

    2005-2006 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы;

    2006-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің инвестициялық жобаларды және бағдарламаларды сараптау бөлімінің бас маманы;

    2007-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің шығыстарын жоспарлау бөлімінің бас маманы;

    2008-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының денсаулық сақтау шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы;

    2010-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әлеуметтік сала шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы;

    2014-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жинақтау-талдау бөлімінің басшысы;

    2019-2026 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;

    2026 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының талдау және сыртқы байланыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері