
Сакулов Елдос Бейсембек
Руководитель отдела
Өмірбаян
Сакулов Елдос Бейсембек 1992 жылдың 20 қыркүйегінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2017 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман қызметінен бастаған.
- 2019-2020 жылдар аралығында Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Орал қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің автомобиль жолдары секторының бас маманы;
- 2020-2022 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы;
- 2022-2024 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
- 2024 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келеді.





