
Нұрлыбаева Назгүл Шакировна
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Нұрлыбаева Назгүл Шәкіртқызы 1981 жылғы 5 сәуірде Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келді.
1998 жылы Қаратал ауданы Кәлпе орта мектебін бітіріп, 1998-2002 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады.
2002 - 2004 жылдар аралығында Тараз қаласындағы Жамбыл облысы әкімі жанындағы жергілікті бюджетке алымдар мен кейбір салықтық төлемдер жинау жөніндегі агенттігінде инспектор-учаскелік салық агенті, жетекші маман қызметтерін атқарып, мекеменің таратылуына байланысты жұмыстан босатылды.
2005 жылдың тамыз айына дейін Тараз қаласындағы Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында кадр ісі бойынша инспектор болып жұмыс жасап, сол жылдың тамыз айынан бастап 2017 жылдың қыркүйек айына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
2017–2020 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы қызметінде болып, 2020 жылдың қыркүйек айынан бері аталған мекемеде құжаттама, бақылау және талдау бөлімінің басшысы болып қызмет жасап келеді.





