
Саданов Бақытжан Жаматұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Саданов Бақытжан Жаматұлы 1988 жылдың 20 қазанында Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Қ.А Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Үйленген, төрт баланың әкесі.
Еңбек жолын 2010 жылы Тараз қаласы әкімінің аппаратында келісімшарт негізінде бастаған.
2011 жылы «Жасыл Тараз» МКК-на жол тазалығын сақтау учаскесінің шебері болып жұмыс істеген.
2012-2019 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімінің аппаратының кеңсесінде іс жүргізуші, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы, қала әкімінің бас инспекторы лауазымдарында қызмет атқарған.
- 2019-2020 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің, сондай-ақ терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімінің бас инспекторы;
- 2020-2021 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы;
- 2022 жылдың басынан тамыз айынан дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету, терроризмге қарсы қызметті үйлестіру және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы;
- 2022 жылдың тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келеді.





