Нығметоллаев Айдын Айболұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі

    Нығметоллаев Айдын Айболұлы
    Басшының орынбасары

    Нығметоллаев Айдын Айболұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі

    Өмірбаян

    Нигметоллаев Айдын Айболұлы У. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Құқықтану» және «Қаржы» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Құқық магистрі академиялық дәрежесі бар.

    Еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің Кербұлақ ауданындағы маман лауазымынан бастаған. 2017 жылға дейін бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

    2017 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    2022 жылғы 18 шілдеден 2024 жылғы 9 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Персоналды басқару департаментінің Персоналмен жұмыс басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарған.

    2024 жылғы 10 маусымнан 2025 жылғы 2 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің Әдеп бұзушылықтарының алдын алу басқармасының бас консультанты қызметін атқарған.

    2025 жылғы 3 қыркүйектен 2026 жылғы 12 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің Әдеп және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу басқармасының бас консультанты қызметін атқарған.

    2026 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері