Тасболатова Перизат Асқарқызы

    Стратегиялық даму, цифрландыру, инновациялық технологиялар және инвестициялар бөлімінің басшысы

    Бөлім басшысы

    Тасболатова Перизат Асқарқызы

    Стратегиялық даму, цифрландыру, инновациялық технологиялар және инвестициялар бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Тасболатова Перизат Асқарқызы 1992 жылы 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2017 жылы Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2017 жылы «Семей қаласының № 6 аралас үлгідегі емханасы» медициналық мекемесінде жалпы практика дәрігері болып бастаған.

    2018–2021 жылдары Семей қаласының № 3 Консультациялық-диагностикалық емханасында жалпы практика дәрігері болып жұмыс істеді.

    2021–2024 жылдары Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 2 емханасы» ШЖҚ КМК жалпы практика дәрігері болып жұмыс істеді.

    2024 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық даму, цифрландыру, инновациялық технологиялар және инвестициялар бөлімі басшысының міндетін атқарды, кейін осы бөлімнің басшысы лауазымында қызмет етті.

    2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы желтоқсанға дейін Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 2 емханасы» ШЖҚ КМК жалпы практика дәрігері болып жұмыс істеді.

    2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігер-статистигі болып жұмыс істеді.

    2026 жылғы 24 сәуірден бастап Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық даму, цифрландыру, инновациялық технологиялар және инвестициялар бөлімі басшысының міндетін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері