
Түлеуханова Айдана Медетқызы
Стационарлық көмек бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Түлеуханова Айдана Медетқызы 1992 жылы 15 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы осы университетте «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратурадағы оқуын аяқтады. 2020 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Денсаулық сақтау магистрі дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2015 жылы Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің хатшысы болып бастады.
2016–2017 жылдары Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті оқу бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.
2017–2018 жылдары Семей қаласының № 5 емханасының денсаулық сақтау менеджері лауазымын атқарды.
2018 жылдың наурызынан бастап Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының Семей қаласы бойынша бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, кейін бас маманы болып жұмыс істеді.
2022–2024 жылдары Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.
2024 жылдың 26 ақпанынан бастап Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының стационарлық көмек бөлімінің басшысы болып табылады.



