
Искакова Жұлдыз Мұратбекқызы
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жұлдыз Мұратбекқызы Искакова 1981 жылғы 10 қарашада Семей қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі - экономист-қаржыгер.
Еңбек жолын 2002 жылы «Валют-Транзит Банк» АҚ-да есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету маманы қызметінен бастады. 2003 жылы осы банкте жеке тұлғаларға пассивті операциялар бойынша қызмет көрсету маманы болып жұмыс істеді.
2004–2007 жылдары Семей қаласының мәдениет саласындағы орталықтандырылған бухгалтериясында есепші-экономист қызметін атқарды.
2007 жылы «Альянс Банк» АҚ Семей қаласындағы филиалында клиенттерге қызмет көрсету маманы болып жұмыс істеді.
2007–2017 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2017–2023 жылдары Семей қаласының қаржы бөлімінде, кейін экономика және қаржы бөлімінде аппарат және жергілікті бюджет бойынша бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас маманы және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2023 жылғы маусымнан бастап Абай облысының денсаулық сақтау басқармасында жоспарлау, қаржыландыру, есепке алу және есептілік бөлімінің, кейін бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 10 сәуірден бастап Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
2026 жылдың маусымынан бастап Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып табылады.



