
Солтанбекова Альмира Мадрикқызы
Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Солтанбекова Альмира Мадрикқызы 1978 жылы 8 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген. Біліктілігі - дәрігер-педиатр.
Еңбек жолын 2002 жылы Семей қаласының № 2 қалалық ауруханасында дәрігер-педиатр болып бастады.
2002–2014 жылдары Семей қаласының № 2 қалалық ауруханасында дәрігер-реаниматолог болып жұмыс істеді.
2014–2015 жылдары Семей қаласының № 2 қалалық ауруханасы педиатрия бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.
2015 жылы 28738 әскери бөлімінің медициналық пункт бастығы болып жұмыс істеді.
2015–2024 жылдары Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК педиатрия бөлімінің меңгерушісі және балалар дәрігері анестезиолог-реаниматологы болып қызмет атқарды.
2024 жылдың маусым айынан бастап Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімі басшысының міндетін атқарды.
2024 жылдың 20 тамызынан бастап Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы болып табылады.



