
Салыков Алибек Жанатұлы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы
Өмірбаян
Сібір мемлекеттік индустриялық университетін «Жылу энергетикасы және жылу техникасы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын энергетика саласында, жылу энергетикасының өндірістік нысандарында бастаған. «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС-да қазандық цехында машинист болып жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүйесінде еңбек етеді. Комитеттің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінде бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.
2024-2026 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары.
2026 жылғы маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.





