
Нурбеков Ержан Серикович
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумқатқы департаменті басшысы
Өмірбаян
1987 жылы туған. Эскишехир Османгази университетін «өнеркісіп инженері» мамандығы, Кардифф Метрополитен университетін «іскерлік әкімшілік» магистрі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «электроэнергетика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 2013 жылы Шымкент қаласындағы «Қазөнімтоп» ЖШС-де еңбек шарты бойынша жетекші маман лауазымында бастаған.
2015 жылдың ақпан–наурыз айларында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінде еңбек шарты бойынша архивариус болып жұмыс істеген.
2015–2016 жылдары - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінде бас маманы.
2015–2018 жылдары - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінде Электро- және жылумен қамтамасыз ету қондырғыларын қадағалау және бақылау басқармаларының нормативтік-техникалық қамтамасыз ету басқармасы бойынша бас сарапшысы.
2018–2021 жылдары - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің бөлім басшысы.
2021–2025 жылдары - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысы.
2025 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.





