
Устенов Багдаулет Нагыметбекович
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы
Өмірбаян
1977 жылы туған. Алматы энергоқұрылыс техникумын «энергия жүйесінен электрожабдықтары мен автоматика» мамандығы, Қазақ ұлттық аграрлық университетін «электр энергетикасы» мамандығы, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын «топ-менеджмент» бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы "Алматы Пауэр Консолидейтед" АҚ 3 біліктілік тобының электр есептегіштерін пайдалану жөніндегі электромонтері болып бастаған.
1996-2006 жж. — ЖРЭС электромонтері.
2006-2008 жылдары - "Алматы Пауэр Консалидэйтед"АҚ аудит қызметінің инженері, инспекторы.
2008-2010 жылдары — "Алатау Жарық Компаниясы"АҚ Ұзынағаш ЖРЭС учаскесінің шебері.
2010-2011 жылдары - "Алатау Жарық Компаниясы"АҚ техникалық қадағалау бастығы.
2011-2013 жылдары-РЭҚ-2 бастығының электр энергиясын есепке алу және талдау жөніндегі орынбасары.
2013-2016 жылдары-Алматы қ. РЭС-2 бастығы.
2016 ж. — "ШҚ АЭК"АҚ Басқарма Төрағасының Пайдалану жөніндегі орынбасары.
2016-2018 жылдары — "Алматы электр станциялары" АҚ Басқарма Төрағасының Даму жөніндегі орынбасары.
2018-2023 жылдары — "Алматы электр станциялары" АҚ Қапшағай СЭС басқарушы директоры, Күрделі құрылыс және трансформация жөніндегі басқарушы директоры.
2023 жылы — тәуелсіз директор, "ЛОТТЕ Рахат"АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2024-2025 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің бас маманы, басшысының орынбасары.
2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысы.





