
Куатбеков Айдар Илесбекович
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы
Өмірбаян
1979 жылы туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын және Жамбыл "Аулие-Ата" университетін бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Қазремэнерго» акционерлік қоғамында электр слесарі болып бастаған. 2005–2008 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде табиғи монополияларды реттеу, тарифтік саясат, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында жетекші маман болып жұмыс істеген.
2008–2009 жылдары Жамбыл облысының прокуратура органдарында қызмет атқарған.
2010–2012 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясында және Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы инспекциясында бас маман лауазымында жұмыс істеген.
2012–2015 жылдары Алматы қаласының ұйымдарында заңгер болып жұмыс істеген.
2015–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Павлодар қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында бөлім басшысы болған.
2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жүйесінде қызмет атқарады. Осы кезеңде Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде бас сарапшы, Павлодар облысы бойынша экология департаментінде бөлім басшысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.
2021–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы қызметінде болды.
2025 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.





