Маткенов Азамат Кайратович

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы

    Маткенов Азамат Кайратович
    Руководитель

    Маткенов Азамат Кайратович

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1983 жылы дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын «өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау және электрлендіру» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы Жезказған қалалық телекоммуникация дирекция өндірістік-техникалық лабораториясында инженер болып бастады. 2005–2007 жылдары осы ұйымда инженер, кейін аға электромеханик болып жұмыс істеді.

    2007–2013 жылдары – «KEGOC» АҚ-да жетекші маман, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да жетекші маман және «KEGOC» АҚ-да жетекші инженер.

    2014–2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде бас сарапшы, кейін Қарағанды облысы бойынша аумақтық департамент басшысының орынбасары.

    2019–2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде бас сарапшы, басқарма басшысы, кейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департамент басшысының орынбасары.

    2020–2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

    2025 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері