
Амирбеков Мухит Бекеткалиевич
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары
Өмірбаян
1977 жылғы 31 қазанда Жетісу облысы Талдықорған ауданындағы Еркін ауылында дүниеге келген.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған;
2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқық магистрі дәрежесімен тәмамдаған.
09.1998–01.2001 жж. Д.А. Қонаев атындағы университеттің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы;
01.2001–07.2003 жж. «Қазкоммерцбанк» ААҚ-ның заң кеңесшісі, II санатты заң кеңесшісі, бас банктің бөлімінің жетекші заң кеңесшісі, клиенттермен байланыс бөлімінің менеджері, жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы;
09.2003–04.2004 жж. «Казкоммерц Секьюрити» ААҚ операциялық департаментінің қаржыландыруды сүйемелдеу бөлімінің бастығы;
05.2004–10.2011 жж. «Centras Securities» АҚ-ның менеджері, директордың орынбасары, корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры, басқарма төрағасы;
02.2012–05.2013 жж. «Отан» ЖЗҚ АҚ басқарма төрағасы;
01.2014–12.2016 жж. «Сентрас Инвест» ЖШС заңгері, басқарушы директоры;
08.2015–02.2021 жж. «СК Коммеск-Өмір» АҚ басқарушы директоры, басқарушы директор-Басқарма мүшесі;
01.2021–10.2025 жж. «Коммеск недвижимость» ЖШС бас директоры;
02.2021–10.2023 жж. «СК Коммеск-Өмір» АҚ басқарушы директоры;
11.2022–10.2025 жж. «Сентрал Кредит» ЖШС директоры;
11.2023–10.2025 жж. «СК Коммеск-Өмір» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі;
03.2026–05.2026 жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы;
2026 жылғы 4 мамырдан бастап әкім аппараты басшысының орынбасары.





