Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі

    Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы
    Аким

    Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі

    Өмірбаян

    1970 жылғы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жуан-төбе ауылында дүниеге келген.

    1992 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген;

    2003 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін (МЭСИ), Құқықтану мамандығы бойынша бітірген;

    2017 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша аяқтаған;

    16.08.1992ж. бастап 26.05.1993ж. дейін Сырдарья ауданы халыққа білім беру бөлімі № 172 орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі;

    26.05.1993 ж. бастап 20.08.1994 ж. дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштерінде қызмет;

    22.08.1994 ж. бастап 30.03.1995 ж. дейін Қызылорда қалалық білім бөлімі № 9 орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі;

    30.03.1995 ж. бастап 01.04.1995 ж. дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы кедендік қорғау және режим бөлімінің инспекторы;

    01.04.1995 ж. бастап 23.02.1996 ж. дейін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Кедендік комитеті Қызылорда облыстық кеден басқармасы кедендік қорғау және режим бөлімінің инспекторы;

    23.02.1996 ж. бастап 23.02.1998 ж. дейін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Кедендік комитеті Қызылорда облыстық кеден басқармасы контрабандамен және кедендік ережелерді бұзумен күрес бөлімінің аға инспекторы;

    23.02.1998 ж. бастап 03.09.1999 ж. дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы экспорт-импорт операцияларын бақылау бөлімінің бас инспекторының міндетін атқарушы;

    03.09.1999 ж. бастап 28.02.2000 ж. дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы экспорт-импорт операцияларын бақылау бөлімінің бас инспекторы;

    28.02.2000 ж. бастап 28.02.2000 ж. дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы жолаушылар бөлімінің басшысы;

    28.02.2000 ж. бастап 25.08.2000 ж. дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы жолаушылар қызметінің бас инспекторы;

    25.08.2000 ж. бастап 13.04.2001 ж. дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы кедендік қорғау және режим бөлімі бастығының орынбасары;

    13.04.2001 ж. бастап 21.02.2006 ж. дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті органдарында қызметі;

    23.02.2006 ж. бастап 19.02.2007 ж. дейін Қазақстан Республикасы Парламентінде Өкімет өкілділігінің бас эксперті;

    20.02.2007 ж. бастап 16.05.2007 ж. дейін Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы сыртқы инвестиция көздерін жоспарлау бөлімі бастығы;

    16.05.2007 ж. бастап 25.09.2007 ж. дейін Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі;

    25.09.2007 ж. бастап 27.09.2010 ж. дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі миграция комитеті төрағасының орынбасары;

    27.09.2010 ж. бастап 01.10.2012 ж. дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық - ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

    01.10.2012 ж. бастап 30.07.2015 ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

    31.07.2015 ж. бастап 02.05.2018 ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімнің бірінші орынбасары;

    03.05.2018 ж. бастап 21.01.2021 ж. дейін Ұлан ауданының әкімі;

    25.01.2021 ж. бастап 27.06.2021 ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі;

    15.02.2022 ж. бастап 31.05.2022 ж. дейін Жарма ауданының әкімі;

    31.05.2022 ж. бастап 24.06.2022 ж. дейін Жарма ауданының әкімі;

    24.06.2022 ж. бастап 07.09.2023 ж. дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;

    08.09.2023 ж. бастап 16.02.2025 ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;

    17.02.2025 бастап - Мемлекет басшысының Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері