Текешов Ерлан Хасенұлы

    Әкім аппаратының басшысы

    Текешов Ерлан Хасенұлы
    Руководитель аппарата

    Текешов Ерлан Хасенұлы

    Әкім аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Туған кезі: 1964 жылғы 2 маусым

    Туған жерi: Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Комсомол а.

    1993 жылы - В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты;

    2003 жылы - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті;

    2008 жылы - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

    Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi: гидрогеология және инженерлік геология, тау-кен инженер-гидрогеологы, юриспруденция заңгер, қаржы бакалавры.

    07.1982ж. бастап 07.1983ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылындағы «Сельхозхимия» Тарбағатай аудандық өндірістік бірлестігінің түрлі жұмыстар істеушісі.

    11.1983ж. бастап 07.1985ж. дейін КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет ету.

    11.1985ж. бастап 08.1986ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тарбағатай аудандық атқару комитеті аппаратыны сантехнигі.

    08.1986ж. бастап 03.1988ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Шығыс Қазақстан облыстық шахмат-шашка клубы Ақжар ауылындағы филиалының нұсқаушысы .

    03.1988ж. бастап 03.1991ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Прииртышск геологиялық барлау далалық экспедициясының Белоусов партиясының техник-геологы.

    03.1991ж. бастап 01.1992ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Прииртышск геологиялық барлау далалық экспедициясы Белоусов партиясы геохимиялық жасағының бірінші санатты геологы.

    01.1992ж. бастап 03.1992ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының «Востказгеология» БҚБ Белоусов геологиялық барлау партиясының бірінші санатты геологы.

    03.1992ж. бастап 05.1993ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусов геологиялық-өнеркәсіптік кәсіпорнының геологы.

    05.1993ж. бастап 12.1993ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Белоусов геологиялық-өнеркәсіптік кәсіпорнының Ақжар геологиялық-барлау кәсіпорнының геологы.

    12.1993ж. бастап 10.1994ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Кен» АҚ «Топаз» мемлекеттік холдинг компаниясы Белоусов геологиялық-өнеркәсіптік кәсіпорнының Ақжар геологиялық-барлау кәсіпорнының геологы.

    10.1994ж. бастап 02.1996ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Кен» АҚ «Топаз» мемлекеттік холдинг компаниясы Алтын кен геологиялық барлау кәсіпорнының геологы.

    08.1996ж. бастап 08.1999ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің штаттан тыс инспекторы.

    08.1999ж. бастап 09.1999ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің Өскемен, Лениногор қалаларындағы базарларда тауарларды өткізу құқығы үшін алымды ұйымдастыру жөніндегі филиалының директоры.

    09.1999ж. бастап 10.1999ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің «Дәулет» коммуналдық кәсіпорнының директоры.

    10.1999ж. бастап 05.2002ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің «Дәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.

    05.2002ж. бастап 07.2007ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Дәулет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.

    07.2007ж. бастап 08.2007ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Істер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы.

    08.2007ж. бастап 11.2008ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Істер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры.

    11.2008ж. бастап 11.2008ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің инвестициялар және әлеуметтік сала секторының бас маманының міндетін атқарушы.

    11.2008ж. бастап 11.2008ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің инвестициялар және әлеуметтік сала секторының бас маманы.

    11.2008ж. бастап 04.2009ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.

    04.2009ж. бастап 10.2009ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы.

    10.2009ж. бастап 08.2010ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары.

    08.2010ж. бастап 05.2011ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының бастығы.

    05.2011ж. бастап 05.2013ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі.

    05.2013ж. бастап 12.2014ж. дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

    05.2015ж. бастап 10.2015ж. дейін «ШҚ РЭК» АҚ өңірлік директоры.

    09.2016ж. бастап 06.2018ж. дейін «Шығысэнерготрейд» бас директоры.

    07.2021ж. бастап 02.2022ж. дейін «Қазавтожол» АҚ ақылы жолдар дирекциясы директорының орынбасары.

    03.2023ж. бастап 10.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары-бас инженері.

    01.2025ж. қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері