
Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы
Әкім орынбасары
Өмірбаян
1970 жылы 29 тамыз күні Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. 1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығы бойынша, 2008 жылы Орталық Азия университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
1992 - 2005 жж. ШҚО энергетика саласында қызмет етті.
2005 - 2008 жж. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары;
2009 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Мемлекеттік сатып алу және ұйымдастыру - құқықтық жұмысы басқармасының бастығы;
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы;
2009 - 2010 жж. Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы;
2010 - 2014 жж. Аягөз ауданы Аягөз қаласының әкімі;
2014 ж. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі;
2014 - 2019 жж. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі;
2019-2021 жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары;
2021-2022ж. Абай облысы, Семей қаласының әкімі лауазымын атқарды.
2022 жылдың 26 тамызынан бастап 2023 жылдың 14 қаңтарына дейін ҚР Парламентінің Сенат депутаты болды.
2023 жылғы 6 ақпаннан бастап 2023 жылдың шілдесіне дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болды.
2023 жылғы шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімнің орынбасары болып тағайындалды;
Жалпы еңбек өтілім - 30 жыл, мемлекеттік қызметтегі өтілім - 17 жыл.
ҚР Президентінің 2020 жылдың 3 желтоқсанындағы № 461 Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
- ҚР Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20» жыл мерекелік медалі;
- ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашасындағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
- ҚР Президентінің 2016 жылғы Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі;
- ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі;
- Төтенше жағдайлар Министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 3 бұйрығымен «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі;
- ҚЭЭҚ еңбегі сіңген энергетигі атанды.





