
Тұрғанбаев Ришад Тұрғанбайұлы
ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК басшысы
Өмірбаян
1978 жылғы 31 наурызда Алматы облысы Қаратал ауданының Көпбірлік ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша тәмамдап, информатика пәнінің мұғалімі біліктілігін алған. 2014 жылы аталған оқу орнын «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қаратал ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі және директордың орынбасары болып бастаған. Әр жылдары облыстық «Жетісу» газетінде беттеуші, жарнама менеджері, жарнама бөлімінің меңгерушісі, бөлім редакторы және тілші қызметтерін атқарды. Сонымен қатар «Жетісу» кәсіби футбол клубында медиа-офицер болып жұмыс істеді. 2015–2023 жылдары «Jetısu» газетінде жауапты хатшының орынбасары және бөлім редакторы қызметтерін атқарды. 2023 жылғы ақпаннан бастап ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК құрамындағы «Jetısu» газетінде бас редактордың орынбасары болды. 2026 жылдың мамыр айынан бастап ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК басшысы қызметін атқарады.





