
Өмірбаян
1980 жылы 5 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында дүниеге келген.
1997-2002 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Телевизиялық журналистика» мамандығы бойынша білім алып, 2002-2004 жылдары осы оқу орнында магистратураны тәмамдады.
Еңбек жолын 2001 жылы «Gala TV» продюсерлік орталығында журналист, редактор қызметінен бастаған. Әр жылдары «Прогресс-PR» агенттігінде PR-маман, «Азаттық» халықаралық радиосында репортер, автор және жүргізуші, «Хабар», «Астана», «31 арна», «Евразия Бірінші арнасы», «Алматы» телеарналарында редактор, продюсер, жүргізуші және бөлім басшысы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ-де оқытушы, Республикалық физика-математика мектебінде және Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді. 2023 жылдың желтоқсанынан бастап «Хабар» телеарнасының бағдарламалар қызметінің басшысы, 2024 жылы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің шеф-редакторы және таңғы бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2024 жылдан «Дәстүр» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. 2026 жылдың сәуір айынан бастап «Жетісу» телерадиокомпаниясы» ЖШС директоры қызметін атқарады.





