Алтынбекұлы Думан

    Директор

    Алтынбекұлы Думан
    Директор

    Алтынбекұлы Думан

    Директор

    Өмірбаян

    Алтынбекұлы Думан 1989 жылы 14 маусымда Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылында дүниеге келген. Талдықорғандағы М. Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының түлегі. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандағы бойынша оқып бітірген. 2007 жылы әскерге шақырылып, Шымкент қаласында Отан алдындағы борышын өтеді. Әскер қатарында жүріп, Ішкі әскерлердің «Қалқан-Шит» газетінде штаттан тыс әскери тілші болды.

    Ал 2009 жылы облыстық «Алатау» қоғамдық-саяси газетіне жұмысқа қабылданып, еңбек жолын журналист ретінде бастады. Артынша жауапты хатшы қызметін атқарды. 2010 жылы облыстық «Жетісу» телеарнасына ауысып, қазақ редакциясында диктор, редактор, бас редактор болды. 2019 жылы «Евразия» телеарнасы мен «Халық үні» ақпараттық порталында меншікті тілші қызметтерін қатар алып жүрді. 2022 жылы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі жетекшісі - баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Ал, 2023 жылдың маусым айынан облыстық «Жетісу» Телеарнасы» ЖШС директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері