
Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1997 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы бойынша бакалавр, заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алған, PhD докторантурасын аяқтаған және «Тұран-Астана» университетін 2-ші жоғары білім «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Әскери міндетті – запастағы лейтенант
Еңбек жолын «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалында маман болып бастаған.
Кейін бөлім басшысы, Есіл ауданы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы, «Астана студенттері Альянсы» КҚ директоры, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы» ҚБ Президенті, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Студенттер мәселелері жөніндегі кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының жанындағы Жастар кеңесінің, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қоғамдық кеңесінің, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Халық Алғысы» мемлекеттік наградасының иегері.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары





