Махатов Бахыт Сапарғалиұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары

    Махатов Бахыт Сапарғалиұлы
    Заместитель руководителя

    Махатов Бахыт Сапарғалиұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білімі

    1978 жылы Қызылорда облысында тұған.

    Жетісу мемлекеттік университетін «Құқық тарихы және негіздері» мамандығы бойынша және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесімен бітірген.

    Мансап

    Еңбек жолын Қызылорда инженерлік-экономикалық институтының оқытушысы болып бастады, кейін Алматы қаласы №172 орта мектебінің мұғалімі және директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

    2004-2005 жылдары ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы басқармасының қаржыландыру және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    Кейін ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің бас маманы, бас сарапшысы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

    2010-2012 жылдары «Қазақстанның су шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ заңгері, атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

    2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

    2016 жылдан бастап мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жүйесінде еңбек етеді. Қазақстан республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бас сарапшысы, бас консультанты, басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

    2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері