
Терликбаев Алибек Мамытжанұлы
Руководитель отдела
Өмірбаян
Терликбаев Алибек Мамытжанұлы 1985 жылы 20 маусымда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
2 жоғары білімі бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», «заңгерлік» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат бөлімінде статист болып бастаған.
2012 – 2015 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының студенттік жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы;
2015 – 2016 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің бас маманы;
2016 – 2017 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы;
2017 – 2018 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің бас инспекторы;
2018 – 2019 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы;
2019 – 2021 жылдар аралығында Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2021 – 2024 жылдар аралығында Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары;
2025 жылдың маусымынан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының Кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің басшысы.





