Зиябекова Ләззат Мұсабайқызы
Жерасты суларының мемлекеттік мониторингі және суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйі басқармасының басшысы
Өмірбаян
Зиябекова Ләззат 1989 жылғы 3 қаңтар Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келді.
2011 жылы - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде су ресурстары және суды қолдану мамандығын бітірді.
2013 жылы - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде су ресурстары және суды пайдалану мамандығын бітірді.
2020 жылы - Мардан Сапарбаев атындағы институтта Құқықтану мамандығы бойынша білім алды.
2023 жылы - ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында Бизнес және басқару мамандығын бітірді.
26.08.2013 - 14.11.2013 жылдары - Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мелиорация және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету басқармасының менеджері.
14.11.2013 - 31.03.2014 жылдары - Ауыл шаруашылығы министрлігі Мелиорация және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету басқармасының сарапшының м.а.
31.03.2014 - 01.10.2014 жылдары - Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мелиорация және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы.
01.10.2014 - 16.09.2019 жылдары - Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті, Гидомелиорация және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру басқармасының сарапшысы.
17.09.2019 - 20.08.2020 жылдары - Су ресурстары комитеті мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және гидромелиорация басқармасының сарапшысы.
21.08.2020 - 02.08.2023 жылдары - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және гидромелиорация басқармасының бас сарапшысы.
03.08.2023 - 13.11.2023 жылдары - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиоративтік жүйелерді дамыту басқармасының бас сарапшысы.
14.11.2023 - 10.01.2024 жылдары - Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті су ресурстарын мемлекеттік есепке алу және кадастр басқармасының бас сарапшысы.
12.01.2024 - 01.07.2025 жылдары - Су ресурстары және ирригация министрлігі Жер асты суларының департаменті мемлекеттік бақылау және жер асты суларының мониторингі басқармасының басшысы.
2025 жылдың 02 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі Жерасты сулары департаменті жерасты суларының мемлекеттік мониторингі және суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйі басқармасының басшысы.