Джамбырбаев Ахмет Ришатұлы
Жобалау қызметі басқармасының басшысы
Өмірбаян
Джамбырбаев Ахмет Ришатұлы 1990 жылы 11 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келді.
2012 жылы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қаржы» мамандығын аяқтады.
2014 жылы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Құқықтану» мамандығын бітірді.
21.08.2012 – 07.11.2017 жылдары «Джамбырбаев» жеке кәсіпкерлігінің директоры.
09.11.2017 – 01.06.2019 жылдары «MAD invest» ЖШС қаржы директоры.
24.06.2019 – 31.07.2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті мемлекеттік активтерді басқару саясаты басқармасының сарапшысы міндетін атқарушы.
01.08.2019 – 15.08.2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті мемлекеттік активтерді басқару саясаты басқармасының сарапшысы.
16.08.2021 – 01.05.2024 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін бағалау басқармасының бас сарапшысы.
14.05.2024 – 31.07.2024 жылдары Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Стратегиялық дамыту департаменті стратегиялық жоспарлау және талдау басқармасының басшысы.
01.08.2024 – қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Стратегиялық дамыту департаменті жобалау қызметі басқармасының басшысы.