Аққошқарова Әсел Хамзақызы

    Инновациялық саясат басқармасының басшысы

    Руководитель управления

    Аққошқарова Әсел Хамзақызы

    Инновациялық саясат басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Аққошқарова Әсел Хамзақызы 1988 жылы 21 қазанда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген.

    2010 жылы Алматы технологиялық университетінде Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы мамандығы бойынша оқу бітірді.

    2012 жылы Гуманиратлық-техникалық академиясында экономика мамандығын бітірді.

    2019 жылы - Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Басқару мемлекеттік академиясында Мемлекеттік басқару және жергілікті басқару мамандығын бітірді.

    03.05.2012 - 01.10.2012 - «Көкшетау Жылу» МКК экономисті.

    12.06.2014 - 14.10.2014 - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Сумен жабдықтау және су бұру басқармасы сарапшысының м.а., сарапшысы.

    15.10.2014 - 13.09.2016 - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының сарапшысы.

    13.09.2016 - 13.04.2017 - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының бас сарапшысы.

    13.04.2017 - 15.05.2020 - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының бас сарапшысы.

    18.05.2020 - 25.06.2023 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік заңнамасы департаменті Бюджетті атқару, бюджеттік есеп пен есептілік әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы.

    26.06.2023 - 13.10.2024 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік заңнамасы департаменті Есептеу әдісі бойынша бюджеттеу әдіснамасы басқармасының басшысы.

    13.11.2024 - 10.08.2025 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Талдау және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын бағалау басқармасының басшысы.

    30.09.2025 - 09.02.2026 - Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновация департаменті су шаруашылығындағы адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы.

    2026 жылдың 10 ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновация департаменті инновациялық саясат басқармасының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері