Добрынин Сергей Русланұлы
Гидротехникалық имараттар басқармасының басшысы
Өмірбаян
Добрынин Сергей Русланұлы 1995 жылы 14 сәуір Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеген келген.
2017 жылы Еуразия технологиялық университетінде көлікті пайдалану және жүк қозғалы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығын бітірді.
2019 жылы Еуразия технологиялық университетінде көлік техникасы және технологиялар мамандығын аяқтады.
01.06.2020 - 16.05.2022 - Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.
18.05.2022 - 11.06.2023 - Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторының меңгерушісі.
13.06.2023 - 31.08.2023 - Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі және әкімшілік бөлімінің бас маманы.
01.09.2023 - 24.06.2024 - Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы.
01.07.2024 - 10.09.2025 - Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті гидротехникалық имараттар басқармасының бас сарапшысы.
11.09.2025 жылдың 11 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті гидротехникалық имараттар басқармасының басшысы.