
Султанкулов Ермек Самидинович
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары
Өмірбаян
Султанкулов Ермек Самидинович 1985 жылы 9 шілдеде Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Алматы заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін аяқтады.
2008-2010 жылдар аралығында Алматы облыстық сотында бас маман лауазымын атқарды.
2010-2022 жылдар аралығында Алматы облысы және Жетісу облысы прокуратура органдарында қызмет атқарып, әртүрлі, оның ішінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2022-2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2025 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.





