
Исебаев Мадияр Болатұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (Әдеп жөніндегі уәкіл)
Өмірбаян
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Аппарат басшысы Д.Имашевтың 2026 жылғы 23 қаңтардағы бұйрығымен Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары- Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымына Мадияр Болатұлы Исебаев тағайындалды.
04.11.1991 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында дүниеге келген. 🔹 2014 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығы бойынша аяқтады.
2017 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқықтану академиясында «Құқық» мамандығы бойынша аяқтады.
2023 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.
2015-2016 жылдары Кербұлақ ауданы әкімінің аппаратында жұмыс атқарған.
2016-2018 жылдары Кербұлақ аудандық жер қатынастары бөлімінде жетекші маман қызмет атқарған.
2018-2020 жылдары Кербұлақ аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман қызмет атқарған.
2020-2022 жылдары Кербұлақ аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызмет атқарған.
2022 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін Кербұлақ ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызмет атқарған.
2022-2024 жылдың осы күнге дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы қызмет атқарған.
2025-2026 жылдың осы күнге дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.





