Секенов Айдос Айдарұлы

    Семей қаласы прокурорының орынбасары

    Секенов Айдос Айдарұлы
    Заместитель прокурора

    Секенов Айдос Айдарұлы

    Семей қаласы прокурорының орынбасары

    Өмірбаян

    1991 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Экономика және қаржы колледжін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін «экономика және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, Астана қаласындағы М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2018 жылдан бастап прокуратура органдарында қызмет атқарады. Әр жылдары Семей қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Абай облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры және аға прокуроры, облыстық аппараттың сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры және облыс прокурорының көмекшісі лауазымдарын атқарған.

    2026 жылғы 9 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысы прокуратурасының Семей қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері