
Қалматаев Олжас Нұрланұлы
Аягөз ауданының прокуроры
Өмірбаян
Қазақ гуманитарлық-заң университетін , Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін құқықтану және қаржы мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. Әр жылдары Семей қаласы прокурорының әкімшілік, азаматтық істер бойынша сот қаулыларының және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау жөніндегі көмекшісі, Семей қаласы прокурорының мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі басқармасының прокуроры, Семей қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы прокурорының орынбасары, Қызылорда облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының прокуроры, Абай облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы, Абай облысы Бородулиха ауданының прокуроры. 13.05.2026 жылдан бастап Аягөз ауданының прокуроры қызметін атқарады.





