
Рымбеков Аманжол Жексембайұлы
Семей қаласы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
2014 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық прокуратурасының прокуроры болып бастаған.
Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы прокуратурасының прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы прокуратурасының аға прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры, Семей қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры, Өскемен қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры, Өскемен қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, Абай облысы прокуратурасы облыстық аппаратының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры, Семей қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2026 жылғы сәуір айынан бастап Абай облысы прокуратурасы Семей қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарады.





