Қалиасқаров Мейржан Төлегенұлы

    Семей қаласының прокуроры

    Қалиасқаров Мейржан Төлегенұлы
    Прокурор

    Қалиасқаров Мейржан Төлегенұлы

    Семей қаласының прокуроры

    Өмірбаян

    «Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін» «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2013 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Өңірлік көлік басқармасының бас маманы болып бастаған.

    Әр жылдары Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасының прокуроры, Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасының аға прокуроры, Бас көлік прокуратурасының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры, Бас көлік прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры, Бас көлік прокуратурасының жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттері заңдылығын қадағалау департаментінің жедел-іздестіру қызметі заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Абай облысы прокуратурасы аппаратының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттері заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Абай облысы прокуратурасы аппаратының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.

    2026 жылдың мамыр айынан бастап Семей қаласының прокуроры қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері