
Абаев Ерлан Масғұтұлы
Абай облысының прокуроры
Өмірбаян
Абаев Ерлан Масғұтұлы 1969 жылы 25 қазанда Павлодар облысында дүниеге келген.
Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1988-1989 жылдар аралығында Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
Жоғары білімін 1993 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша алған.
Прокурорлық мансабын Павлодар қаласы Ильичев ауданы прокуратурасының тағылымдамадан өтушісі, кейін тергеушісі, Павлодар облысы прокуратурасының ІІО бойынша аға тергеушісі және тергеушісі, облыс прокуратурасы бөлімінің прокуроры болып бастады.
1998-2008 жылдары Павлодар облысы Ертіс және Успен аудандарының прокуроры болып еңбек етті.
2008 жылдан бастап Павлодар қаласының прокуроры қызметін атқарды.
2013 жылы Астана қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2016 жылы ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық процесінің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2017 жылы ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болды.
2018 жылы ҚР Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясының Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған адамдарға арналған академиялық курстарды бітірді.
2018 жылдан 2022 жылға дейін Маңғыстау облысының прокуратурасын басқарды.
2022 жылдың маусым айында Абай облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені берілді.
Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны және конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғауға қосқан үлесі үшін марапатталған:
-2-дәрежелі «Айбын» ордені, 2-дәрежелі «Даңқ» ордені мемлекеттік наградаларымен;
-1-дәрежелі «Прокуратура үздігі», «Прокуратураның құрметті қызметкері», «Прокуратура ардагері», «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгілері және ведомстволық наградаларымен;
-Бас Прокурордың Құрмет грамоталары және басқа да ведомстволық наградаларымен.





