Қайыпбек Қанат Әбдіразақұлы

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары

    Қайыпбек Қанат Әбдіразақұлы
    Заместитель акима

    Қайыпбек Қанат Әбдіразақұлы

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Қайыпбек Қанат Әбдіразақұлы 1984 жылы 23 ақпанда Төлеби ауданында дүниеге келген.

    Білімі - жоғарғы.

    2004 жыл - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті.

    Мамандығы: мемлекеттік және муниципалдық басқару.

    Еңбек жолын 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті көшіру-көбейту техникаларының меңгерушісі болып бастаған.

    2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманы;

    2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жиынтық-сараптамалық бөлімінің бас маманы;

    2008-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жиынтық-сараптамалық бөлімінің бас маманы;

    2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы;

    2009-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жиынтық-сараптама және ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы;

    2010-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы;

    2013-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;

    2018-2019 жылдары Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;

    2019-2020 жылдары Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары;

    2020-2021 жылдары Шымкент қаласының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

    2021-2023 жылдары Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы;

    2023-2025 жылдары Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;

    2025 жылғы желтоқсан айынан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері